Жумагали Саят: «Біріншіден, осындай нәтиже үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын.
Бүгін бізге сәттілік жетпеді, өйткені пенальти сериясы - өз бетінше лотерея деп айтсақ болады. Егер ойын жайлы айтатын болсақ, онда қарсыласты жеңіп тұрып, біз есепті ұстай алмадық. Гол соға алмаған сәттер де жеткілікті. Бүгін жеңіске жететін ойын болды деп ойлаймын. Бірақ, өкінішке орай, біз жеңіске жете алмадық.

Төрт күннен кейін біз "Ақсу" командасымен бірінші лиганың үшінші туры аясында кездесеміз және осы ойында жеңіске жету үшін бар күшімізді салуға тырысамыз»

Саят Жумагали «Экибастуз» 3:3 «Аксу» ойыныңдағы үшінші голдың авторы|